1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады. 1997 жылы 20 қазанда астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы маусымның 10-ында жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін астананың туған күні ретінде атап өтіліп келді. 2006 жылдан бастап шілденің 6-сы елорда күні ретінде атап өтіледі.
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Астана күні мерекесіне іс-шаралар топтамасын өткізді:
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері «Астана – еліміздің жүрегі» атты мультимедиялық дәрісті 2014 жылы 2 шілдеде УК 161/2 мекемесінің жеке құрамына және осы мекемеде жазасын өтеушілерге, 4 шілдеде Қостанай облыстық ІІД қызметкерлеріне оқыды, дәріс соңында Астана туралы фильмдер көрсетілді.
4 шілдеде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының холлында «Астана – еліміздің рухани ордасы» атты 3 мұражайлық іс-шара Қостанай облыстық ІІД оқыту орталығының тыңдаушыларына, ҚР ІІД ШҚ 2031 ә/б офицерлеріне, Қостанай облыстық әйелдер мен балаларды бейімдеу орталығына өткізілді .
6 шілде 2014 жылы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
6 шілдеде Астана күніне арналған жалпы қалалық мерекеде облыстық мұражай қызметкерлері Қостанай қаласының мәдениет бөлімімен бірлескен «Қостанай – кеше, бүгін, ертең» көрмесіне қатысып, мұражай қорындағы ескі қала көрінісі суреттелген картиналармен архитектуралық макеттерді толықтырды.