ҚР Конституциясы 19 жылдық мерекесін тойлау қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы іс-шаралар топтамасын өткізді:
22 тамызда мұражай қызметкерлері Қостанай облыстық Ішкі Істер Департаментінің қызметкерлеріне «Конституция – Қазақстан тәуелсіздігінің кепілі, бейбітшілік пен тұрақтылық негізі» атты дәріс оқып, мультимедиялық презентация көрсетті.
25 және 29 тамызда ҚР ІІМ ІӘ 6697 ә/б сарбаздарына және 29 тамызда ҚР ҰҚК ШҚ 2039 ә/б мен 2031 ә/б офицерлеріне «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара электронды презентация көмегімен өтті.
30 тамызда мұражайға келушілер үшін «Конституция – мемлекетіміздің негізгі заңы» атты викториналық ойын ұйымдастырылды. Барлық қатысушылар қалаған сұрақтарына жауап берді және дұрыс жауаптары үшін оларға мұражай жәдігерлерінің фотосуреттері бейнеленген бетбелгілер берілді.