Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Ақпарат

05.02.2015
Ақпарат

2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде Отбасы күні аталып өтiледi. Ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударуда.

2014 жылы 14 қыркүйекте ұлттық Отбасы күні мерекесі шеңберінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Отбасымызбен мұражайға барамыз» атты интерактивті акция өткізді. Іс-шара барысында «Отбасы шежіресі», «Әулет ен-таңбасы» байқаулары ұйымдастырылды, акцияға қатысушылар туыстық қатынастарға байланысты сөзжұмбақтарды қызығушылықпен шешіп, қуыршақтарды жасау шеберлік сағатына қатысып өздеріне отбасы ошағының тұмарын жасады. Тапсырманы жақсы орындағандарға тәтті сйлықтар, мұражай жәдігерлері бейнеленген естелік бетбелгілер, ал белсенді қатысушылар мұражайға отбасымен тегін кіру абонементі берілді, сондай-ақ отбасылар өз тілектерін мұражай бейнетаспасына қалдырды.

Мұражай холында «Отан – отбасынан басталады» атты фотокөрме қойылды.

Галерея изображений