Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстан халқының рухани келісімі күніне орай өткен «Біздің күшіміз рухани бірлікте» атты іс-шара туралы ақпарат

06.02.2015
Қазақстан халқының рухани келісімі күніне орай өткен «Біздің күшіміз рухани бірлікте» атты іс-шара туралы ақпарат

Ұлтаралық татулық пен рухани келісім біздің басты темірқазығымыз болып табылады. 1992-ші жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады. 1992-ші жылдан бастап бұл күн Қазақстанда ұлттық мейрам ретінде атап өтіледі.

Қазақстанда және бүкіл әлемде осы күн ынтымақтастық, қайырымдылық күні болып саналады. «Діни сенімділікті сыйлау! Айырмашылыққа іріткі салмау! Қайырымдылыққа, ынтымақтастыққа шақыру!» - осылар Рухани келісім күнінің негізгі ұстанымы.

Қазақстан – көпұлтты, 40 аса конфессиясы бар, 140 аса халық өкілдері бірлік пен берекеде тұрып жатқан мемлекет.

Осы мерекеге орай 2014 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттерін шақырып «Біздің күшіміз рухани бірлікте» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында орталық мешіттің қызметкері, наиб-имам Бақытжан Икрам жастарға бұл мерекенің маңыздылығы туралы, Қазақстанның қазіргі жағдайы рухани келісім мен өзара түсіністіктердің орын алуымен ерекшеленетіні туралы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ студенттер ислам дініне қатысты сұрақтар қойып, адамгершілік әдептер жайлы ақпараттар алды.