Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына арналған іс-шараның өткізілуі туралы жаңалық

06.02.2015
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына арналған іс-шараның өткізілуі туралы жаңалық

2014 жылдың 14 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург сөз зергері Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына арналған «Мәңгілік халық жадында» атты еске алу кеші мен көрменің ашылу салтанаты өтті. Ақын-жазушылар, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері, қатысты. Кеш барысында мұражай қорынан алынған фотосуреттер мен құжаттардың компьютерлік тұсаукесері көрсетіліп, Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы жайында, жазушылық, журналистік шеберлігі туралы Ғ.Ахметчин, С.Оспанов, Н.Мұқатов, А.Шаяхметов айтып өтті. Кеште ақындар Н.Мұқатов, Н.Құлабаев жазушыға арнаған өлеңдерін оқыды.