Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Конференцияның өткізілгені туралы ақпарат

06.02.2015
Конференцияның өткізілгені туралы ақпарат

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы «Қостанайдың жас көшбасшылары» ҚБ көмегімен 2014 жылдың 20 қарашасында «Қазақстандық тарих ғылымының жаңа әдіснамасы: ізденістер мен ашылулар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Конференцияның мақсаты: ғылыми-зерттеу қызметі арқылы рухани және білім беру саласын дамыту; қазақ халқының ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларын насихаттау және оның өзектілігі.

Конференцияға қатысушылар мен шақырылған қонақтар: тарихшылар, археологтар, мәдениеттанушылар, этнографтар, өлкетанушылар, мұражайлардың ғылыми қызметкерлері, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының оқытушылары.

Конференция қатысушыларының баяндамаларында Қазақстан тарихын жаңа кезеңдерге бөлу талдамалары, ұлттық және аймақтық тарихты ғылыми зерттеудің басты мәселелері, қазақ мемлекеттігінің сабақтастығын зерттеудің негізгі бағыттары, археологиялық және этномәдени іздестірулердің нәтижелері таныстырылды. Конференция соңында қатысушылары қаланың мәдени орындарымен танысты.

Галерея изображений