Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Есірткіге жол жоқ» ақпараттық-насихат акциясы туралы ақпарат

05.02.2015
«Есірткіге жол жоқ» ақпараттық-насихат акциясы туралы  ақпарат

2014 жылдың 26 маусымында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы нашақорлық және есірткі саудасына қарсы Халықаралық күрес күніне арнап Қостанай қаласындағы орталық демалыс паркінде және мұражай холлында «Есірткіге жол жоқ» ақпараттық-насихат акциясын өткізді.

Акция бағдарламасына Қазақстан Республикасындағы есірткі бизнесімен күрес күніне арналған мұражайдың «Есірткіге жол жоқ» фотодеректі көрмесі де енгізілді. Мұражай қызметкерлері акцияның жас қатысушыларына есірткінің зияны, нашақұмарлардың тағдыры, зиянды әдеттерді жеңу мүмкіндігі туралы ақпараттық бүктемдер мен үнпарақтар таратты. Балалардың есірткі қолдануының негізгі белгілері туралы қысқаша жадынамалар ата-аналар мен аға ұрпаққа арналды.

Бұл күні мұражайдың экспозициялық залында келушілерге есірткі мен анашаның қаншалықты зиянды екені жөнінде «Сыр ашу», «Реквием», «Өлімге апаратын еліту» бейнефильмдері көрсетілді.