Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Сары шымшық күні» атты экологиялық акция өтті. Ол халық арасында «Зиновий – синичник» аталған қыстайтын құстарды қарсы алу күніне (12 қараша) орай ұйымдастырылды.
Бұл күні полярлық жапалақ және ақ шымшық - «қысқы қонақтарды» қарсы алуға дайындалып, біздің өлкеде қыстайтын сары шымшық, пайызторғай, суықторғай, жорғаторғай, шекілдек, самырқұстардың да қамын ойлайды.
«Сары шымшық күні» акциясына қатысқан №2 мектеп-лицейінің оқушылары қыстайтын құстар туралы көп мәліметтер алып, олардың дауысын тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар балаларға құстардың қыстап шығуына көмек ретінде қолда бар материалдардан құстарға арналған жем салатын астаудың қалай жасалатындығы көрсетілді.