Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, академик Манаш Қозыбаевтың 85 жылдығына арналған портрет-кеш

11.11.2016
Көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, академик  Манаш Қозыбаевтың 85 жылдығына арналған  портрет-кеш

1111201602

2016 жылы көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, қазақ тарих ғылымындағы жарқын, биік тұлғалардың бірі Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың туылғанына 85 жыл толады. Ғалым Қазақстан тәуелсіздігінің он жылы ішінде еліміздің өткен тарихын, қазіргі қоғамдық-әлеуметтік жағдайын ақиқат тұрғысында саралауға зор үлес қосты. Қазақ жұртына өз тарихын тереңірек түсінуге көмектесті.

1111201603

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2016 жылдың 11-қарашасында ғалымның мерейтойына орай «Тарихтағы тұлға» атты портрет-кеш өтті.

1111201604

Іс-шарада тарих көшбасшысының өмір жолы, ғылыми мұралары туралы естеліктермен тарих ғылымдарының докторы, ҚМПИ профессоры Аманжол Күзембайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ доценті Өтеген Ихсанұлы Исенов, тарих ғылымдарының кандидаты Айбек Батырханұлы Шалғынбеков, Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Әсел Балғабайқызы Назарова бөлісті.

Кешке шақырылған ЖОО студенттері музей қорындағы академик М.Қ.Қозыбаевтың жеке заттарымен танысты және оның өмірі жайлы құжатты фильмді көріп тамашалады.