2016 жылдың 20 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстың мемлекеттік музейлерінің қызметкерлеріне арналған «Қазіргі жағдайдағы музейлердің экспозициялық-көрмелік қызметі» тақырыбындағы әдістемелік семинар-практикумы өтті.
Семинарда берілген тақырып бойынша музейлерден 8 хабарлама тыңдалып, презентациялар көрсетілді. Музей жұмысының ең өзекті тақырыбында маңызды әңгіме қозғалды.
Семинар жұмысына облыстың 10 мемлекеттік музейлерінің директорлары мен қызметкерлері қатысты. Қатысушылар Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициясындағы облыстың 80 жылдығына, «Большевичка» тігін фабрикасының 75 жылдығына, қазақтың ұлы ағартушысы, жаңашыл педагог Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналған жаңа көрмелермен және «Өмірдегі ойын» арт-жобасымен танысты.
Музей қызметкерлеріне арналған семинар жұмысының қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы шығарылады.