Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, жыл сайын 18 қазанда атап өтілетін Рухани келісім күнін мерекелеумен тығыз байланысты.
Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні. Дәл осы жайлы 2016 жылы 18 қазанда Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде орталық мешіттің қызметкері наиб-имам Бақытжан Икрам және Свято-Никольский храмының діни қызметкері Виталий Павлович Клеба А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ студенттерімен және №115 ОМ оқушыларымен кездесуде айтты.
Кездесу барысында дін өкілдері «руханият», «рухани келісім» сөздерінің мағынасы туралы әңгімеледі. Студенттер көптеген сұрақтар қойып, түсінікті жауаптар алды. Әңгіме жылы, әрі достық жағдайда өтті.