Жыл сайын қарашаның үшінші бейсенбісінде Халықаралық темекі шегуден бас тарту күні аталып өтіледі. Бұл күні шылым шегушілерге зиянды әдеттен арылу керектігі туралы ойландыратын әр түрлі іс-шаралар өткізіледі.
2017 жылы 18 қарашада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің холында «Саламатты өмір салтын таңдаймын» атты интерактивті акция өтті, шара барысында қатысушылар темекінің зияндылығы жайлы викториналық сұрақтарға жауап берді, шылым тартудан бас тартқысы келгендер темекілерін «кәмпитке» ауыстырып, 7 пайдалы кеңес алды. Музей холында темекі шегудің зияны туралы фильмдер көрсетілді және бүктемдер таратылды.