2017 жылдың 15 қарашасында «Өнердегі алғашқы қадам» атты Қостанай қаласының қосымша білім берудегі ірі мекемелерінің бірі А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебі оқушыларының көрмесінің ашылуы өтті. Мектептің көп жылғы тарихында осы білім ордасын 3000-нан астам түлек тамамдады, олардың көпшілігі бейнелеу өнерімен байланысты мамандықтарды таңдаған.
«Өнердегі алғашқы қадам» атты көрмеде мектептің ең үздік оқушыларының бейнелеу өнерінің түрлі жанры мен техникасындағы жүзге тарта туындылары ұсынылған. Ашық, өзіндік жұмыстарында қоршаған ортаның сұлулығы бейнеленіп, оны қуана қабылдайды.
Жас суретшілер үшін жетілу жолы ұзақ әрі қиын, бірақ нағыз суретші өмір бойы үйренеді. Жоғары кәсіби білікті көркемсурет мектебінің ұстаздары өз шәкірттеріне композицияның, реңшінің қыр-сырын үйренуге, өзіндік даралығын және дарынын көрсетуге баулиды.