Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Ұлттық теңге тәуелсіздігіміздің айғағы» - ұлттық валюта күніне интерактивті жоба

14.11.2017
«Ұлттық теңге тәуелсіздігіміздің айғағы» - ұлттық валюта күніне интерактивті жоба

2017 жылдың 13 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қостанай қаласындағы №18 ОМ оқушылары үшін «Ұлттық теңге тәуелсіздігіміздің айғағы» атты интерактивті іс-шара өткізді.

Шара екі топқа бөлінген оқушылар арасындағы жарыс түрінде өтті. Балалар «Теңге тарихы» атты шағын көрмемен танысты, «Ақша тарихы» кезеңінде ақша туралы мақалдарды естеріне түсірді, ақша айналымының пайда болу тарихы туралы сұрақтарға жауап берді. «Әдеби» кезеңде ақша тақырыбындағы танымал туындылардың үзіндісін тыңдап, туындының авторын және атын атады. «Теңгеге сөз» атты соңғы кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының құрылу тарихы және ерекшелігі туралы сұрақтарға жауап берді.