Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Мақсат халыққа қызмет ету»

24.11.2017
«Мақсат халыққа қызмет ету»

2017 жылдың 24 қарашасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Мақсат халыққа қызмет ету» атты Қазақстан журналистикасының негізін салушылар М.Сералин және Н.Құлжанованы еске алу кешін өткізді.

Музей іс-шарасы белгілі ақын, әдебиетші, қоғам қайраткері, қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық әдеби журналының редакторы болған М. Сералиннің туылғанына 145 жыл және қазақ әйелдері арасынан алғашқы шыққан журналист, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әдеби мұраларын насихаттауда айтулы еңбек еткен тұлға, педагог, этнограф, аудармашы ретінде есімі қазақ тарихында сақталған - Нәзипа Құлжанованың туылғанына 130 жыл толуына арналды.

Шараға қатысушылар қазақ тарихында есімдері мәңгі қалған тұлғалар - М.Сералин және Н.Құлжанованың өмір жолы, қызметі, XX ғасырдың басында қазақ даласында пайда болған ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары жайында мәліметтер алды.

Галерея изображений