Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Көктем әуені» - Халықаралық құстар күніне орай музейлік сабақтар топтамасы.

04.04.2023
«Көктем әуені» - Халықаралық құстар күніне орай музейлік сабақтар топтамасы.

2023 жылдың 4 сәуірінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде № 2 мектеп - лицей оқушыларына музей қызметкерлері Халықаралық құстар күніне арналған музейлік сабақ өткізді. 1906 жылы 1 сәуірде құстарды қорғау жөніндегі халықаралық конвенция қабылданды. Содан бері бұл күн Халықаралық құстар күні ретінде атап өтіліп, бұл Конвенция қабылдануының мерейтойы ғана емес, сонымен қатар құстардың қыстаудан келу уақыты.

Оқушылар жүргізушінің құстар туралы қызықты әңгімесіне қанығып, құстардың түрлі-түсті фотосуреттерін тамашалап және құстардың сайраған  дауыстарын тыңдады.