2023 жылғы 5 сәуір күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Қостанай облысының табиғат байлықтары» залында музейдің қор жиынтығынан «Жер қойнауындағы қазына» көрмесі ашылды.
Көрме геологтар күніне геологтар мен пайдалы қазбаларды іздеу мен өндіруге байланысты барлық мамандық иелерінің кәсіби мерекесіне арналған. Қазақстанда геологтар күні сәуір айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі.