2016 жылы 28 қыркүйекте Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі түрлі салада кәсіби биікке қол жеткізген жандармен «Еңбек қуанышы мен өмір бақыты» атты кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты: еңбекте жоғары жетістіктерге қол жеткізген адамдардың өмір жолын үлгі ете отырып жеткіншек ұрпақтың еңбекке деген қызуғышылығын арттыру, мамандық таңдауға үйрету.
Іс-шараға қатысқандар: Бейшова Индира Салтанқызы – А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ доценті, ғылым кандидаты, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының иегері, Қостанай облысы жастарының «алтын кітабының» лауреаты; Жиентаев Тоқтар - қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, облыстың алты дүркін чемпионы, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы (2014), «Қостанай облысының ең үздік спортшысы-2014» атағының иесі; Владимир Алексанин – әнші, халықаралық, республикалық және облыстық байқаулар мен фестивальдердің дипломанты және лауреаты, Қостанай облысы жастарының «алтын кітабының» лауреаты; №5 ОМ және Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатының оқушылары, БАҚ өкілдері.
Кәсіби мамандар жастармен өз тәжірибесімен бөлісті, өздерінің мамандығының ерекшеліктерін айтып, еңбек шыңына жету жолдарын түсіндірді. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды.