2016 жылғы 26 қыркүйекте сағат 10:00-де Қостанай қаласындағы облыстық филармонияда (мекен-жайы Қостанай қаласы, Таран көшесі 85). Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен «Ұлттық музейге сый тарту» атты республикалық акция өтеді.
«Ұлттық музейге сый тарту» акциясына қатысушылар ұсынған сый-тартуларға заңдық негізде қабылдап алу шарты жасалып, олар музейдің қорына өткізілетін болады. Сый-тартулар негізінде Ұлттық музейде арнайы көрме ұйымдастырылады. «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы 2015 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде салтанатты түрде бастау алған болатын. Осыған дейін Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Шымкент қалаларында ұйымдастырылды.