Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі басталғанына биыл 100 жыл толады. Көтеріліске 1916 жылы 25 маусымда Түркістан өлкесі мен ішінара Сібір аймағының 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын бірінші дүниежүзілік соғыс майданына «қара жұмысқа» алу туралы патша өкіметі шығарған жарлық түрткі болған. Сол көтерілістің негізгі ошағы Торғайдағы Амагелді Иманов бастаған ұлт-азаттық күрес болып табылады.
2016 жылы 21 қыркүйекте музей қызметкерлері ҚМПИ студенттеріне «Қаһарлы 1916 жыл» атты музейлік сабақ өткізді. Шара барысында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басталу себебі, барысы және қорытындысы туралы айтылды, сондай-ақ көтеріліс жетекшісі А.Иманов тұлғасы кеңінен қарастырылды. Шара барысында музей қорындағы құжаттар таныстырылып, слайд көрсетілді.
Іс-шара соңында студенттер 1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған «1916 жыл батырлары» атты музейлік шағын көрмемен танысты.