2016 жылдың 27 қыркүйегінде картина галереясында салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Әйелдің қалыптасуы» атты облыстық фотоконкурстың қорытындысы шығарылды. Фотоконкурс Қостанай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның және Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының бастамасымен «25 ПАЙДАЛЫ ІС» Республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.
«Әйелдің қалыптасуы» атты облыстық фотоконкурстың қорытындысы 11 танымал қостанайлық фотошеберлер: Ермұрат Бекмұхамедов, Игорь Вальтер, Николай Кудинов, Мұхтар Сибанбаев, Георгий Шаповалов, Сергей Фельдмен, Айбек Жүзбай, Бағдат Ахметбеков, Василлий Васильев, ерлі-зайыпты Николай және Любовь Савченколар сияқты қатысушылардың үздік жұмыстарының аясындағы экспозицияда өтті.
Көрмеге ұсынылған жұмыстардың басты кейіпкерлері қостанайлық әйелдер, олардың бейнелері фотоконкурстың басты тақырыбы - әйелдің қалыптасуын - өздерінің қажырлы еңбектері, кәсіби және шығармашылық жетістіктерімен туған жердің даңқын асқақтатқан жандарды символды түрде бейнеледі.
Олар атақты механизатор, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Байғазықызы Дөненбаева, халыққа білім беру ісінің ардагері Мәдина Байдәулетқызы Бисенғалиева, Жітіқара мәслихатының депутаты Гүлсара Жаманқұлова, қостанайлық танымал мүсінші Баян Баталова, ҚР халықаралық санаттағы спорт шебері Анастасия Белялова, «Алтын белгі» иегері Айжан Рахматуллина және тағы басқалар.
«Әйелдің қалыптасуы» атты фотоконкурстың жеңімпаздары білікті әділқазылардың шешімімен әуесқой суретші Мұхтар Сибанбаев. Екінші орынды Айбек Жүзбай, үшінші орынды Николай Кудинов иемденді. Конкурстың дипломанттарына бағалы сыйлықтар, өзге де қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді.