Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Құрақ техникасының сиқыры» - құрақ бұйымдар дайындау бойынша шеберлік сабағы

16.04.2023
«Құрақ техникасының сиқыры» - құрақ бұйымдар дайындау бойынша шеберлік сабағы

Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Құрақ техникасының сиқыры» - құрақ бұйымдар дайындау бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Қазақтың құрақ бұйымдары тұрмыстық заттарды безендіру үшін ғана қолданылмаған, сонымен бірге өмірде адамға қажетті үйлесімділік, денсаулық, амандық берумен байланысты белгілі бір қасиеттер мен символдық мәнге ие.

Құрақтың маңызды символдық қасиеті – әртүрлі отбасылардың, рулардың, тайпалардың ажырамас тұтас өкілдерін біріктіру. Жалпы өрнектер тұмар қызметін атқарған. Оқушылар үшін велюр матадан көрпе жасау барысында түсі, ою-өрнек таңдалып, бұйымдар қол тігісімен тігілді.