Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ҚР Суретшілер одағының мүшесі Светлана Қаратаеваның «Шабыт қанатында» атты дербес көрмесінің ашылуы

27.09.2019
ҚР Суретшілер одағының мүшесі Светлана Қаратаеваның  «Шабыт қанатында» атты дербес көрмесінің ашылуы

2019 жылдың 27 қыркүйегінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі Светлана Каратаеваның «Шабыт қанатында» атты дербес көрмесінің салтанатты ашылды. Лисаков қаласының суретшісі көрмені өзінің 55 жасқа толуына арнап отыр. Көрмеде автор мен оның шәкірттерінің кескіндеме, жібекті күйдіру, киіз техникасындағы 80-нен астам туындылары қойылды. Светлана Каратаева суретші-кескіндемеші, график, суретші-қолөнерші (батик, фельтинг, жүннен жасалған картиналар, жібек қиындыларын отпен балқыту арқылы жасалған кескіндеме) ретінде танымал.

Светлана Каратаева жиырма бес жылдан астам уақыт шығармашылықпен айналысып келеді. Суретші Қостанай облысында ғана емес, облыстан тыс жерлерге де танымал. Ол қалалық, облыстық, республикалық көптеген көрмелерге ғана қатысып қоймайды, сонымен бірге оны халықаралық көрмелерге қатысуға шақырады. Мысалы, Светлана Владимировна 2017 жылы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен шейх Заид қорының Халықаралық мәдени фестиваліне қатысты.

«Шабыт қанатында» көрмесінде түрлі жанрлар мен техникадағы жұмыстар ұсынылған. Туындылардың атаулары бұған дәлел: «Жыл мезгілдері», «Қола дәуірі», «Пейзаж» және т. б.

Көрменің ашылу салтанатында оның шығармашылық жолындағы және кәсіби қызметіндегі әріптестері, педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.