2019 жылғы 17-20 қыркүйек аралығында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіның қорларын есепке алу және сақтауды ғылыми-зерттеу қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері Омбы облысының тарихи архивінің оқу залында жұмыс істеді (Ресей, Омск қаласы). «Кенесары ханның өмірі мен қызметі», «1743 жылы Ново-Ишим желісін құру», «Сібір кадет корпусының тарихы: Ш. Уәлихановты оқытуға байланысты құжаттар», «Батыс Сібірдің Бас басқармасының, жекелеген Сібір корпусы штабының Қазақ жүздерімен саяси-экономикалық қарым – қатынас туралы материалдары (1811-1882 ж.ж.)» тақырыптары бойынша архивтік істер қаралды. Музейдің деректі қорын толықтыру және ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалану үшін 35 құжат (67 бет) алынды.