Мамандық таңдау - жас ұрпақтың маңызды таңдауының бірі. Жыл сайын музейде Еңбек күніне орай «Еңбек қуанышы және өмір бақыты» атты іс-шаралар топтамасы бойынша көрнекті тұлғалар мен еңбекте жоғары жетістіктерге қол жеткізген адамдардың қатысуымен кездесулер өтеді. 26 қыркүйекте жастардың назарын, олардың қазіргі заманғы өзгерістерге қатысуын түсінуге және шығармашылық адамдардан үлгі ала отырып, жаңа биіктерге ұмтылу мақсатында музей қызметкерлері «Сұлтан» сән салонының директоры Малика Ғалымжанқызы Төлемісовамен кездесу ұйымдастырды. Кәсіби маман жастармен өз тәжірибесімен бөлісіп, өз мамандығының ерекшеліктерін айтып, еңбек шыңына жету жолдарын түсіндірді.
№2 ОМ жоғары сынып оқушылары және Қостанай тұрмыстық қызмет колледжінің студенттері, болашақ сәнгерлер-дизайнерлер өмірде мақсатты әрі табысты болуға көмектесетін көптеген қызықты және пайдалы ақпараттармен таныс болды.