Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанайлық суретшілердің Әулиекөл ауданындағы пленэрі

30.09.2019
Қостанайлық суретшілердің Әулиекөл  ауданындағы пленэрі

2019 жылдың 27-29 қыркүйек аралығында Әулиекөл ауданының әкімі Теменов Ерлан Олжабайұлының шақыруымен қостанайлық суретшілер тобы, оның ішінде ҚР Суретшілер одағының Қостанай ұйымының мүшелері Әулиекөл ауданында пленэрде болды. Пленэрге қатысушылар: ҚР Суретшілер одағының мүшесі Светлана Шалунова, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Александр Захарченков, суретшілер - Анатолий Счастливцев, Олег Кусков, Надежда Долгушина және Сергей Попов.

Пленэр Әулиекөлдің әр түрлі жерлерінде өтті, бұл Аманқарағай ауылындағы көз тартарлық тұзды көлдері және аудан орталығының маныңдағы жасыл ну ормандары. Суретшілер ашық далада Аманқарағайдың жасыл қарағайларын, сары-алтын жапырақтармен көмкерілген ақ қайыңдарын, күзгі түрлі-түсті бояуларымен боялған теректерін бейнеледі.

Суретшілер өздерімен бірге алдағы жұмыстары үшін этюдтер ғана емес, сонымен қатар үлкен шабыт алып кетті.