08.10.2019 жылы Облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Жібек» клубының шақыруымен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің бейнелеу өнері залында Қостанай қаласының қолөнершілері Райхан Рахалиева мен Шолпан Батырғалиеваның шеберлік сабақтары өтті.
«Жібек» клубының мүшелеріне арналған шеберлік сабағында Райхан құрақ көрпе, оның қалай құралатынын көрсетті. Түрлі-түсті маталардың көмегімен көрермендердің көз алдында болашақ құрақ көрпелердің тамаша композициясы жасалды. Сонымен қатар клуб мүшелеріне Шолпан Батырғалиева жүн түту, жүн иіруден шеберлік сабағын өткізді.
Қолөнершілер мен клуб мүшелері жұмысқа қызығушылық танытып, жұмыспен әңгімелері қатар өрбіді.
Шеберлік сабағына қатысқандар жаңа шығармашылық идеялармен шабыттанып қайтты.