Георгий Михайлович Соков – дарынды кескіндемеші, график, сценограф, монументалист. Жарты ғасырдан астам шығармашылық қызмет барысында ол бейнелеу өнерінің әртүрлі техникалары мен жанрларында 600-ге жуық туындылар жасады. ҚР Суретшілер одағының мүшесі, қостанайлық танымал кескіндемеші және график Г.М.Соковтың шығармашылығы туралы музей қызметкері «Алау» телеарнасы «Өмір ағымы» бағдарламасының «Көненің көзі» айдарында әңгімелеп берді.