Жаңа 2021 жылы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Наурызым табиғи қорығының 90 жылдығы сияқты маңызды мерейтойларға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі фотоқұжатты жылжымалы көрмелер дайындады.
Музей қызметкері Алау телеарнасының тікелей эфирде өтетін «Званый гость» айдарына қатысып, жаңа және алдағы уақытта жоспарланған басқа да жылжымалы көрмелер туралы мәлімет берді.