Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің экономика және құқық Институтының студенттеріне «Сталинград шайқасы» атты онлайн дәріс

08.02.2021
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің  экономика және құқық Институтының студенттеріне  «Сталинград шайқасы» атты онлайн дәріс

78 жыл бұрын 2 ақпанда Сталинград шайқасы жеңіспен аяқталды. Сталинград шайқасы - бұл Ұлы Отан соғысы барысында түбегейлі бетбұрысқа қол жеткізуге шешуші үлес қосқан ең үлкен шайқастардың бірі. Жауынгерлік әрекеттер 200 күнге созылды. Шайқастар миллионнан астам солдаттар мен офицерлердің өмірін қиды.  

 А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің П.И.Чужинов атындағы экономика және құқық Институтының студенттеріне Zoom платформасында «Сталинград шайқасы» атты онлайн дәріс оқылды. Музей қызметкері  Сталинград шайқасына қатысқан жерлестеріміз-қостанайлық жауынгерлердің батыл ерлігі, 1942-1946 жылдары Қостанай жерінде болған Сталинград әскери авиациялық училищесінің тарихы туралы айтып берді.