2018 жылы 2 ақпанда ҚР Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қостанайлық график және кескіндемеші Георгий Соковтың «Ұлы есімдер - 2» атты дербес көрмесі ашылды. Көрмеде суретшінің 2009-2017 жылдар аралығында аралас техникада орындаған 34 графикалық туындылары ұсынылды. Бұл көрме 2015 жылы көрерменге ұсынған «Ұлы есімдер» атты графикалық сериясының жалғасы болып табылады.
Жаңа графикалық сериясы есімі мен шығармалары әлемге танымал ұлы ақындар, артистер, суретшілер, музыканттар, жазушылар және композиторларға арналған. Олар, мысалға, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, орыс ақындары Марина Цветаева және Николай Гумилев, француз ақыны Шарль Бодлер, венгр композиторы Ференц Лист, нидерландық суретші Ван Гог, орыс композиторлары Сергей Прокофьев және Игорь Стравинский және тағы басқалар.
Суретші Георгий Соков оқыған кітаптары және өмірбаяндардан, сүйікті картиналары мен музыкалық шығармалардан алған әсерінің негізінде әлемдік мәдениеттегі данышпан тұлғаларды өз қиял көрінісінде бейнелейді.
«Ұлы есімдер-2» атты көрме бір ай бойы жұмыс істейді.