2018 жылдың 31 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне Көкшетау қаласының №11 гимназия-мектебінің оқушылары келді. Экскурсия барысында музей қызметкерлері оқушыларға өлкеміздің тарихи-мәдени құндылықтарын және табиғи байлықтарын таныстырды. Көкшетаулық гимназия шәкірттері Қостанайға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы шеңберінде Отанына деген сүйіспешіліктері мен адалдығын нығайту мақсатында келген. Олар Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, киелі Түркістан мен Отырарда болған, Ұлы Жібек жолы бойындағы қалаларға да барады. Қазақстанның тарихи орындарын зерттеуге қызығушылық танытқан балалардың саяхатын демеушілер өздерінің ата-аналары болып табылады.