Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковпен шығармашылық кездесу

07.03.2017
ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковпен шығармашылық кездесу

2017 жылдың 03 наурызында картина галереясында атақты қостанайлық суретші ҚР Суретшілер одағының мүшесі Георгий Соковпен кездесу өтті. Шығармашылық кездесудің тақырыбы – Г. М. Соковтың «Ақ пен қара» атты графикалық дербес көрмесі. Кездесуге қостанайлық суретшілер, зиялы қауым өкілдері, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих және өнер» факультетінің студенттері, А.И. Никифоров атындағы және Л.И. Русин атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары қатысты.

Кездесу барысында Георгий Соков өзінің шығармашылық жолы мен жаңа жұмыстары жайлы айтып берді және көптеген сұрақтарға жауап берді.