2017 жылдың 07наурызында сағат 15.00-де картина галереясындаел өміріндегі айрықша оқиға-бүкіләлемдік «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған жас суретшілердің «Көктем қуаты» атты көрмесі ашылды.
Қазақстан - даму үстіндегі жас мемлекет: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. ЭКСПО-2017 ұлттық жобасының нәтижесінде қазақ жастары әлем деңгейіндегі оқиға шеңберінде бірлеседі, кең өрісті және шығармашылыққа ынтасы бар, әлемге ашық адамдардың жаңа ұрпағы қалыптасады.
Болашақ қуаты, жастардың жігерімен шығармашылық серпін жас қостанайлық суретшілердің графика, кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының «Көктем қуаты» атты көрмесінде көрініс тапқан.
А.И.Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің жас мұғалімдері мен түлектерінің 100-ден астам туындылары нұрға, жылулық, ізгілік, қуаныш сезімдеріне толы.
Көрмеге өзге авторлармен бірге Қостанайоблысыәкімінің «Триумф» сыйлығының иегері және бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың VII облыстық «Жас толқын-2016» конкурсының лауреаты Нина Олексюк; XYIII және XIXХалықаралық «Шабыт» Шығармашыл жастар фестивалінің қатысушысы, «Жас толқын-2016» конкурсының дипломанты Анастасия Кабановская; ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ю. Новоселовтың атаулы сыйлығыныңдипломанты Александр Рерихтер де қатысып отыр. Жас талантты суретші-мұғалімдер мен оқушылардың жұмыстарының үйлесімі көрме авторларының арасында жасампаздықты және ерекше шығармашылық-ынтымақтастық қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жас суретшілердің «Көктем қуаты» атты көрмесі – Қазақстанболашағыныңжарқындығына және ел келешегі жастардыңқолында екендігіне айқын дәлел.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.