3 наурыз күні Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем мен Әйел» атты көрме ашылды. Рудный қаласының «Дар» шығармашылық бірлестігінің тоғыз суретшісінің кескіндеме туындылары ұсынылды.
Сергей Петров, Григорий Бурлаченко, Петр Трофимов, Илья Невраев, Александр Чесных, Татьяна Бельц, Татьяна Магданова, Анжелика Соломколар өз шығармашылықтарын ұсынып, облыс орталығының әйелдерін 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Көрмеге қатысушылар - өздерінің жеке дүниетанымы, рухани ізденістері мол, шығармашылық шешімдері сан алуан әр буын өкілдерінің суретшілері.
Суретшілер туындыларының басты тақырыбы - гүлдер, көп бояулы натюрморттар, көктемгі табиғат көріністері, романтикалық теңіз көріністері (теңіз бейнеленген картиналар), үйдің ішкі көрінісіне арналған сәндік паннолар.
Көрмеде ҚР суретшілер Одағының мүшелері Георгий Соков пен Светлана Шалунова ізгі тілектерін айтып сөз сөйледі.
Рудныйлық музыканттар - Григорий Бурлаченконың жетекшілігімен цыган ән ансамблі қатысып, Наталья Сребродольская романстар орындады. Барлық келген ханымдар үшін Санкт-Петербургте өткен Халықаралық конкурс-фестивальдің жеңімпазы, әлемдік эстрадалық конкурстың жартылай финалына қатысушы және Израильдегі «Шоу талантов» байқауында бірінші орын алған Владимир Алексанин (Қостанай қ.) ән айтты.