2016 жылдың 06 қазаныңда картина галереясында жас суретші Екатерина Садовникованың «Өмірді аңсау» атты алғашқы дербес көрмесі ашылды.
Көрмеде автордың қоршаған ортаның сан қыры мен әсемдігін көрсететін 32 жұмысы ұсынылды. Жас суретші өмірге, оның барлық көріністеріне деген сүйіспеншілігін көрермендерімен шаттана бөліседі. Е. Садовникованың замандастарының бейнелеріне деген қызығушылығын портреттік туындыларының сан алуандығы: портрет-картина, отбасылық және бала портреттері, этюдтік портреттер көрсетеді.
Екатерина Садовникова - Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих және өнер» факультетінің 4 курс студенті. Жас автор аз ғана жылдар ішінде шығармашылық қызметімен өзін таныта білді. Ол 2010 жылы «Тырналар фестивалі» (Наурызым ауданы) байқауында 3 орын иеленді, 2012 жылы Әулиекөл ауданында өткен «Мультимедиялық жоба» байқауында жеңімпаз атанды, 2014 ж. Астана қ. өткен XVII халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің қатысушысы. 2015 жыл суретші үшін жемісті болды: картина галереясында өткен «Көктем вернисажы» мен «Бояулар құдіреті» көрмесінің, Л.Толстой атындағы кітапханада «Шабыт» көрмесінің қатысушысы; бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың «Жас толқын - 2015» облыстық байқауында 1 орынды иеленді. 2016 жылы Е. Садовникова ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ю. Новоселовтың жас суретшілер арасындағы атаулы сыйлығына үміткер ретінде қатысты.
Көрме картина галереясында бір ай бойы жұмыс істейді.