Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Андрей Арискиннің «Табиғат құбылысының үйлесімділігі» атты дербес көрмесінің ашылуы

18.10.2016
Андрей Арискиннің «Табиғат құбылысының үйлесімділігі» атты дербес көрмесінің ашылуы

2016 жылдың 14 қазаныңда ҚР Суретшілер одағының мүшесі Андрей Арискиннің «Табиғат құбылысының үйлесімділігі» атты дербес көрмесі ашылды. Көрмеге суретші акрил техникасында орындаған 30 шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

2016-10-18 21-58 01

Андрей Арискин Қырымдағы Н.С. Самокиша атындағы көркемсурет училищесінде оқыған, қазіргі таңда Рудный қаласында тұрады және жұмыс істейді. Ол аймақтық, республикалық, облыстық және қалалық көрмелердің қатысушысы, төрт дербес көрменің авторы. Оның шығармашылық, дизайнерлік және безендіру жұмыстары ерекше шешімі және кәсіби шеберлігімен қостанайлықтарға жақсы таныс. А.Арискин көркемдік жобалар бойынша көптеген ғимараттардың қасбетін және ішкі көріністерін (Рудный қаласындағы «Горняк» демалыс орталығы, Қостанай қаласындағы «Шахмат клубы» және «Фараон», «София», «Метраполь» және т.б. мейрамхана мен клубтар) орындаған.

2016-10-18 21-58 02

Андрей Арискиннің сәулет-интерьері кеңістігіндегі үйлесімді көп жылдық тәжірибелік жұмыстары дербес көрмеге туындылар жасауға жол ашты.

2016-10-18 21-58 04

Көрменің авторлық атауы - «Табиғат құбылысының үйлесімділігі», онда адам табиғаттың мәңгі айналымы қызықтырған, әлемнің шағын бөлшегіндей көрінеді. Өзінің ішкі сезімін табиғат құбылысының тынысымен салыстыра отырып, адам аға ұрпақтың тәжірибесіне сүйеніп, болашақ үніне құлақ түруге үйренеді, өмірдегі өз орнын және адам өмірінің құндылығы мен нәзіктігін түсінеді. Көрмедегі туындылар суретшінің шығармашылық ізденісін көрсетіп, төрт құбылыстың үйлесімін бейнелейді.

2016-10-18 21-58 05

Андрей Арискиннің «Табиғат құбылысының үйлесімділігі» атты дербес көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.

2016-10-18 21-58 06