2016 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Өмірдегі ойын» атты Арт-жобаның ашылуы болды. Оның барысында қостанайлық суретшілер Г.Соков, В. Быков, С.Луговой, O.Кусков және жас авторлар E.Кислицин, А.Рерих, А.Кабановская, Рудный қаласынан суретші С.Ищанов өзінің кескіндеме және графикалық туындыларын, сондай-ақ сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.
Арт-жоба қатысушылары жұмыстарының көрмесінде әлемге танымал суретші-нонконформист Олег Целковтың музей қорынан алынған екі графикалық парақтары ұсынылды, олар музей көрермендерін бейжай қалдырған жоқ.
«Өмірдегі ойын» атты Арт-жоба көрмесі көрерменді бейнелеу өнері арқылы адам және қоғам тағдырындағы бостандық пен еріксіздік, сенім мен күмән, шынайы және жалған сұлулық тақырыптарындағы пайымдауларға, эстетикалық-философиялық дискурсқа тартады.
ЧелМУ Қостанай филиалының «Галерка» студенттік театр студиясының артистері А. В. Котельникованың жетекшілігімен көркем жобаның идеясын бейнелі білдіретін қойылымдар ұсынды. Осы қойылымдарда театр мен карнавалдық бетперделер, қуыршақтар философиялық маңызға ие болды.