7 мамыр күні Қазақстанда ерекше мереке - Отан қорғаушылар күні аталып өтіледі. Көктемнің дәл осы күнінде, 1992 жылы 7 мамырда біздің бас қолбасшымыз, Ұлт Көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы жарлыққа қол қойды.
Бұл күн қазақстандықтардың батырлық ерліктері жылнамасы мен Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын білдіреді.
2017 жылы 4 мамырда музей қызметкерлері, Қазтұтынуқоғамы Қостанай экономика колледжінің студенттері және Қостанай қаласының №8 ОМ оқушылары Тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығыстарының ардагерлері Мырзахметов Асхат Өмірғалиұлын, Омаров Азамат Есмағжанұлын және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тәрбие және әлеуметтік-құқық бөлімінің бастығы Бәйменов Сапар Шеразұлын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Шақырылған қонақтар жастарға соғыс кезеңдерінің қиындықтары туралы айтып, патриоттық мәнде әңгімелер қозғады.