Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты музей мерекесі

27.04.2017
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты музей мерекесі

Қазақстан – 150-ден аса ұлт өкілі тұратын, көп ұлтты мемлекет. Осы мереке қарсаңында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өңірлік басқармасы офицерлеріне «Бір шаңырақ астында» атты музей мерекесін өкізді және оған Қазақстан халықтары Ассамблеясының Қостанай облыстық филиалының ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында музей қызметкерлері мен ҚМПИ Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасының доценті М. Қозыбаева 1 мамыр мерекесінің шығу тарихын, бейбіт өмір үшін еліміздегі татулық пен келісімнің маңызы туралы әңгімеледі.

Облыстық әзірбайжан, орыс, өзбек-тәжік, белорус-прибалтика этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдері іс-шара қонақтарына өз ұлттарының салт-дәстүрлерін және мәдениетін көрсетіп таныстырды.