Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Халықаралық музей күніне арналған «Музей түні - 2017» интерактивті акциясының АНОНСЫ

12.05.2017

Өткізілетін уақыты: 18 мамыр 2017 ж., сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін.

Өткізілетін орны: Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі (экспозиция және көрме залдары, музейдің ішкі ауласы, Тарихи бақ)

18 мамыр күні бүкіл әлемнің музей қызметкерлері өздерінің 1977 жылы бекітілген кәсіби мерекесі –Халықаралық музей күнін атап өтеді. Әр жыл сайын Халықаралық музей кеңесінің Консультативтік комитеті (ИКОМ) музей күнінің басты тақырыбын ұсынады. 2017 жылы «Музейлер және тарих таласы: музейдегі күрделі мәселені сөз етеміз» тақырыбы таңдап алынған. 1997 жылдан бері әлемнің 150 елінде «Музей түні» мәдени-білім беру акциясы өткізіледі. Бұл музейге әдеттен тыс уақытта және тосын жағдайда келуге мүмкіндік береді.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Музей түні - 2017» акциясының бағдарламасы мазмұнды және сан түрлі болады. Музей түні танымал суретші Георгий Соковтың кескіндеме туындыларын облыстық музейдің қорына салтанатты тапсыруынан басталады.

Қостанайлықтар мен қала қонақтары жаңа көрмелерді, сондай-ақ «Шынайы лақап» көрме-аттракционын тамашалап, этикеткалардың шынайы жәдігерлерге сәйкестігін анықтайды.

«Қызылдар мен ақтар: революцияға 100 жыл» атты тарихи квестке қатысушыларды экспозиция залдары, музейдің жертөлесі және ішкі ауласы бойынша тартымды саяхат күтеді (квестке қатысуға 500-389 телефоны бойынша жазылады, құрамы шектеулі).

Қазақ халқының дәстүрлері мен салттары туралы киіз үйде «Жас келіндер мектебінде» болып көптеген кеңестер алып, жіп иіру сайысына және көне ұлттық ойындарға қатысуға болады.

«Қазақ тұлпары» ЖШС-нің аттарымен серуендеу және «Теремок» зообағының тіршілік иелерімен тілдесу ұмытылмас әсер қалдырады. Музейдің Айболит докторы экзотикалық жәндіктерді күту және емдеу бойынша кеңестер береді. Тортила тасбақасының викторинасы және тасбақалар көрмесі таяудағы Бүкіләлемдік тасбақалар күні туралы еске салады.

Біздің келушілерді «Триумф» балалар сән театрының концерттік дефиле бағдарламасы, «Темір түмен» тарихи қайта құру клубының Қостанай бөлімшесі мүшелерінің серілер жекпе-жегі, «Жұлдыздармен танысу» жаяу жол астрономиясы, алау басындағы дәстүрлі әндер, музей «трактиріндегі» шай ішу және тағы басқа шаралар күтеді.

Музей түнінің қонақтарына қосымша бонус ретінде музейдің ішкі көрінісінде және музей керек-жарақтарымен селфи және фотосессия жасауға болады.

Анықтама телефондары: 500-389, 501-023