Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

Қостанайлық суретші Юрий Матюшконы еске алуға арналған «Өнер – өмір айнасы» атты көрменің ашылуы

11.02.2019
Қостанайлық суретші Юрий Матюшконы еске алуға арналған  «Өнер – өмір айнасы» атты көрменің ашылуы

2019 жылдын 8 ақпанында музейдің бейнелеу өнері бөлімінің көрме залында қостанайлық суретші Юрий Матюшконы еске алуға арналған «Өнер - өмір айнасы» атты көрме ашылды. Көрмеде суретшінің кескіндеме және графика жанрындағы 62 туындысы ұсынылған.

2019 жылы Қостанай облысының бейнелеу өнері тарихында маңызды және есте қаларлық күннен басталады: 2019 жылдың 21 ақпанында Қостанайлық суретші Ю. С. Матюшконың туғанына (1949-2012 жж.) 70 жыл толады. Қостанайлық суретшілер мен облыстың барлық тұрғындары бейнелеу өнеріндегі өзіндік шығармашылық стиліне ие болған суретшінің ісіне құрметпен қарайды. «Өнер – өмір айнасы» көрмесін ұйымдастырудың бастамашысы оның досы, шығармашылық жолдағы әріптесі, танымал қостанайлық суретші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі Георгий Соков.

Өмірінің соңғы жылдары Юрий Савельевич Қостанай педагогикалық колледжінде сабақ берді, бүгінгі таңға дейін тамаша суретші әрі мұғалімнің бейнесі ерекше тұлға ретінде сақталған. Көрмеге шақырылған қонақтар арасында Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері болды.

С.Матюшконың шығармалары бірнеше рет қалалық және аймақтық көрмелерде ұсынылған. Қостанайлық суретшінің өмірі және шығармашылық жолы өлкеміздің бейнелеу өнері тарихында ұмытылмас бет қалдырды.