2019 жылдың 17 қаңтарында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ленинград қоршауының алынғанына 75 жыл толуына арналған "Қостанайлықтар – Ленинград қорғаушылары" атты фотоқұжаттық шағын көрме ашылды. Көрмеге музей қорынан алынған 1941 - 1944 жж. Ленинград майданында шайқасқан қостанайлықтардың фотосуреттері, хаттары, құжаттары қойылды. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.