Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2019 жылы 13 ақпанда Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай музейдің қор жиынтығынан «Ауғанстанның ащы естелігі» атты көрменің ашылуы өтті.

Экспозицияның негізін құжаттық материалдар: Ауғанстанда соғысқан солдаттар мен офицерлердің фотосуреттері, жеке хаттары, әскери билеттері, марапаттары, жеке заттары құрайды. Кеңес жауынгерлерінің әскери жабдықтары, киімдері, ауған жауынгерлерінің қару-жарақ түрлері көрмеге келушілерді бейжай қалдырмасы анық.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейтін болады.