«Қостанай облысының мәдени мұрасының аймақтық туризмді дамытудағы рөлі» тақырыбында мемлекеттік музейлер басшыларының секциясы

17.02.2023
«Қостанай облысының мәдени мұрасының аймақтық туризмді дамытудағы рөлі» тақырыбында мемлекеттік музейлер басшыларының секциясы

Бүгін Қостанай облысының әкімдігі Мәдениет басқармасы алқасының кеңейтілген отырысы барысында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қостанай облысының мәдени мұрасының аймақтық туризмді дамытудағы рөлі» тақырыбында мемлекеттік музейлер басшыларының секциясы өтті. Секцияда облыстық музей басшысы Б.Е. Жұмабаев модератор болды.

Шараға Мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалану және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ә.О. Мусина, Қостанай облыстық мемлекеттік музейлердің басшылары және Қарабалық ауданы мен Жітіқара қаласындағы өкілдіктің бөлім меңгерушілері қатысты.

 

Секцияда «Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі туризм және тарихи-мәдени мұраны сақтау нысаны ретінде», «Балалар жылы аясында балалармен жүргізілген жұмыстар туралы», «Денисов аудандық тарихи-өлкетану музейінің ішкі туризмді дамытудағы рөлі», «Музей және туризм: Жангелді ауданының Торғай кентіндегі мемориалдық музей үлгісіндегі өзара әрекеттестіктің тәжірибесі мен келешегі» тақырыбында өзекті мәселелер талқыланды.

kz kz 3D Тур
3D Тур
int-map-kz
О противодействии терроризму
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Баннеры

Есебі

Бүгін25   Кеше171   Бір аптаның ішінде724   Айында5350   Барлығы295473  
2023, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
Материалдарды мұражайға сілтеме жасағанда ғана қолдануға рұқсат етіледі
Сайтты жасау — «Иником» веб-агенттігі