Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдарды жинақтау мен зерттеуді ұйымдастырудың кешенді тәсілі» онлайн семинар туралы

03.03.2021
«1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдарды жинақтау мен зерттеуді ұйымдастырудың кешенді тәсілі» онлайн семинар туралы

2021 ж. 2 наурызында Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасы мен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдарды жинақтау мен зерттеуді ұйымдастырудың кешенді тәсілі» онлайн семинарын өткізді.

Семинар саяси қуғын-сүргінге ұшыраған, бүгінгі күнге дейін ақталмаған азаматтардың аты-жөндерін анықтау бойынша құрылған жұмыс тобына, олардың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру үшін ұйымдастырылды.

Оған тарихшы ғалымдар, Қостанай облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының мамандары, музей қызметкерлері, мәдениет және білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты. 

Семинар модераторы - Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы Қалмақов. Ол заңсыздық пентоталитаризм құрбандарын толық ақтауды жүзеге асыру бойынша міндеттердің маңыздылығы мен кең ауқымдылығын атап өтті. 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдарды жинақтау мен зерттеудегі жұмысшы тобына табыстар тіледі.

Семинар барысында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, университет музейлерінің меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Жақып Қалқаман Хасенұлы, «Арқалық қаласындағы Дала өлкесі облыстық музейі» КММ ғылыми қызметкері, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс тобының мүшесі Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы баяндама жасады.

Қ.Х.Жақып ел тарихының қасіретті парақтары туралы айтып, күні бүгінге дейін ақталмаған азаматтардың есімін қайта оралтудың қажеттілігін атап өтті.

Б.Ж. Сағындықов Торғай өңіріндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының зерттелу мәселелері туралы сөз қозғады.

Семинарда жұмыс тобының мүшелеріне 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдарды жинақтау мен зерттеу бойынша ұсынымдар берілді.