Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 1 наурыз Алғыс күні пандемия уақытында айрықша табандылық пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен жандармен кездесу өтті.
Қостанай қалалық №3 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Байболова Айкүміс Еркебайқызы мен Қостанай қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы Мұрат Абдулхамитұлы Сахратов қауіпті індетке қарсы күресте қандай қиындықтарды бастан өткізгендері туралы бөлісті. Музей қызметкерлері қонақтарды мерекемен құттықтап, еңбектегі ерліктері және кәсіби біліктілігі үшін алғыс білдірді.