Ұлттық домбыра күніне орай 2018 жылдың 1 шілдесінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығы саябағында өткен облыстық «Домбыра-думан» іс-шарасында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор жиынтығынан «Күмбірлеген домбыра» атты музыкалық аспаптардың көрмесі ұсынылды. Көрмеде 1916 жылғы көтерілістің басшысы Амангелді Имановтың, Қазақ КСР-нің халық артисі, Социалистік Еңбек Ері Серәлі Қожамқұловтың, ҚР халық ақыны Әсия Беркенованың домбыралары, сондай-ақ ХХ ғ. басындағы домбыралар қойылды.
Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары көрмені тамашалап, домбыралар жанында суретке түсті.