Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Астана – арман қала, бейбітшілік пен ізгілік қаласы» музыкалық-поэтикалық кеші

04.07.2018
«Астана – арман қала, бейбітшілік пен ізгілік қаласы» музыкалық-поэтикалық кеші

Биылғы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығын мерекелеуде. Еліміздің жүрегі іспеттес шаһардың туған күні қарсаңында Қостанай олблыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ҚР Ұлттық Гвардиясының № 6697 ә/б сарбаздары үшін «Астана – арман қала, бейбітшілік пен ізгілік қаласы» атты музыкалық-поэтикалық кеш ұйымдастырды. Кеш барысында іс-шараға шақырылған ақын, Б.Майлинге арналған жыр мүшайрасының жеңімпазы, Елордамыздың 20 жылдығына арналған «Ел мерейі, Астана» атты облыстық ақындар жазба айтысының жүлдегері Нұрқанат Құлабаев және жас ақын, Халықаралық "Шабыт" фестивалінің лауреаты, республикалық «Астана-жүрек» мүшайрасының жүлдегері Жандос Жүсіпбеков Астана қаласына арнап шығарған жүрекжарды өлеңдерін оқыды, «Армандастар» студиясының жас орындаушылары Астана туралы әндерін орындап кештің сәнін келтірді.

Іс-шара соңында Астана қаласының тарихы туралы құжатты фильм көрсетілді.