Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі

Костанайский областной историко-краеведческий музей

Kostanay regional museum of local lore

+7 (7142) 50 - 03 - 89

+7 (7142) 50 - 11 - 13

Қостанай қ-сы
Алтынсарин көш. 115

«Шексіз музей» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен жазғы сауықтыру лагерінде демалыстағы балаларға арналған мәдени-білім беру акциясы

11.07.2018
«Шексіз музей»  балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен жазғы сауықтыру лагерінде демалыстағы балаларға арналған мәдени-білім беру акциясы

Жазғы демалыс кезеңде Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі жыл сайын жазғы лагердегі балалар үшін жылжымалы көрме ұйымдастырады. «Шексіз музей» акцияның басты мақсаты музейдің фото және құжатты материалдары негізінде Қостанай облысының мәдени мұрасын насихаттау.

2018 жылы 11 шілдеде музей қызметкерлері акция шеңберінде генерал Бәкіров атындағы сауықтандыру лагерінде демалып жатқан Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілеріне өлкеміздің тарихы, мәдениеті және табиғаты туралы қызықты заттық және фотоқұжатты көрмелер ұсынды. Тартымды экскурсиялар мен қолмен ұстауға болатын кейбір музей заттары балалардың тарихқа деген қызығушылығын арттырды.

Сондай-ақ акция барысында музей қызметкерлері табиғат аясында сурет саламын деген балалар үшін көркемсуреттен шеберлік-сағатын өткізді. Іс-шара соңында балалар мен лагерь қызметкерлеріне елордамыздың 20 жылдығына арналған «Ақмола-Целиноград-Астана» атты музей сабағы өткізілді.